Нарық
24.11.2026

Грузиядағы "ҚазТрансОйл" АҚ өндірістік активі 2026 жылдың тоғыз айында энергия тиімділігінің өсуіне қол жеткізді

21.10.2026 12:51 · KASE корпоративтік оқиғалар баспасөз мәлімдемелері новости эмитентов
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 21.10.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп 
хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылдың 9 айында "ҚазТрансОйл" АҚ еншілес ұйымы – "Батуми мұнай 
терминалы" ЖШС электр энергиясын тұтынуды өткен жылдың сәйкес 
кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға, ал табиғи газды тұтынуды 41,8%-ға 
қысқартты.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 9 айында Батуми мұнай терминалы 8 млн 
585 мың кВт·сағ электр энергиясын тұтынса, осы жылдың есепті кезеңінде 
бұл көрсеткіш 6 млн 599 мың кВт·сағ құрады. Осылайша, электр энергиясын 
тұтыну көлемі 1 млн 986 мың кВт·сағқа азайды.

Айталық, 2025 жылдың 9 айында Батуми мұнай терминалы 9 млн 501 мың 
м³ табиғи газ тұтынған болса, осы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 
5 млн 527 мың м³-ті құрады. Нәтижесінде табиғи газды тұтыну көлемі 3 млн 
974 мың м³-ке қысқарды.

Сонымен қатар Батуми мұнай терминалында мұнай өнімдерінің барлық 
түрін ауыстырып тиеудің әр тоннасына шаққандағы электр энергиясының 
үлестік шығыны 2025 жылдың есепті кезеңіндегі 3,08 кВт·сағ/тонна 
көрсеткішінен 2,29 кВт·сағ/тоннаға дейін төмендеді. Төмендеу шамамен 
26%-ды құрады.

Жүк ауыстырып тиеудің әр тоннасына шаққандағы газдың үлестік шығыны 
да 2025 жылдың 9 айындағы 6,59 м³/тоннадан 4,62 м³/тоннаға дейін азайды. 
Бұл көрсеткіш шамамен 30%-ға төмендеді.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/5360-20261021-press-reliz.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_211026_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs__211026_eng.pdf

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz