Нарық
24.11.2026

23 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

23.10.2026 10:23 · KASE Регламент и торги инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылдың 23 қазанынан бастап KASE Global секторындағы алты бағалы қағаз бойынша репо операциялары тоқтатылды: Citigroup акциялары бойынша 4 қарашаға дейін, ал қалған ETF-тер бойынша 21 желтоқсанға дейін.
  • Инвестор үшін: Бұл шешім дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеуге байланысты техникалық сипатқа ие және активтердің нарықтық құнына тікелей әсер етпейді.
  • Неге назар аудару керек: Инвесторларға репо операцияларының қайта басталатын күндеріне (4 қараша және 21 желтоқсан) назар аудару ұсынылады.
Қазақстан қор биржасы бірнеше шетелдік активтер бойынша репо операцияларын уақытша тоқтатты. Бұл шара эмитенттердің дивиденд төлеу процестерімен байланысты стандартты процедура болып табылады.

Сауданың тоқтатылуы тек орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын репо операцияларына ғана қатысты. Бұл жағдай активтерді иелену құқығына немесе олардың негізгі сауда параметрлеріне әсер етпейтін регламенттік іс-шара.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 23.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
23 қазанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі бағалы 
қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 қарашасына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, Citigroup Inc. US1729674242 ("KASE Global" секторы, 
   C_KZ) жай акциялары, сауда саттық 2026 жылдың 04 қарашасынан 
   бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 желтоқсанына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, State Street SPDR S&P 500 ETF US78462F1030 ("KASE 
   Global" секторы, SPY_KZ) ETF Trust, сауда саттық 2026 жылдың 
   21 желтоқсанынан бастап қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 желтоқсанына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, Franklin FTSE United Kingdom ETF US35473P6786 
   ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) ETF сауда саттық 2026 жылдың 
   21 желтоқсанынан бастап қайта басталады.

Бұдан басқа, есеп айырысу күні 2026 жылдың 18 желтоқсанына және одан 
кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда-
саттықты тоқтата тұруы ұзартылды, сауда-саттық 2026 жылдың 
21 желтоқсанынан бастап қайта басталады:

1) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 
   ("KASE Global" секторы, LQD_KZ);

2) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF US4642885135 ("KASE 
   Global" секторы, HYG_KZ);

3) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 
   ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ).

Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-
де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
Об эмитенте Citigroup C_KZ · БСН 800800800852
C_KZ · KASE 114,50$ мәміле 24.11.2026
Об эмитенте SSGA SPY_KZ · БСН 800800800807
SPY_KZ · KASE 720,00$ мәміле 24.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz