Нарық
23.11.2026

29 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында US6745991058 (OXY_KZ) Occidental Petroleum Corp. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

29.10.2026 10:24 · KASE Регламент и торги инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылдың 29 қазанынан бастап Occidental Petroleum Corp. акцияларымен, сондай-ақ бірнеше ETF құралдарымен репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылды.
  • Инвестор үшін: Бұл техникалық шектеу инвесторлардың активтерді репо операциялары арқылы қолдану мүмкіндігіне әсер етеді, бірақ негізгі саудаға тікелей әсер етпейді.
  • Неге назар аудару керек: Акциялар бойынша сауда 2026 жылдың 14 желтоқсанынан, ал ETF құралдары бойынша 24-25 желтоқсаннан бастап қайта басталады.
Сауда-саттықтың тоқтатылуы KASE ережелеріне сәйкес дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу процедураларына байланысты жүзеге асырылды. Бұл стандартты процедуралық шара болып табылады.

Шектеулер тек орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын репо операцияларына ғана қатысты. Бұл жағдай активтердің нарықтық құнына немесе олардың іргелі көрсеткіштеріне әсер етпейтін техникалық сипаттағы оқиға.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 29.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
29 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
режимдеріндегі репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 
2026 жылдың 10 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін 
Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) 
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылв ұратынын 
хабарлайды, сауда-саттық 2026 жылдың 14 желтоқсанынан бастап қайта 
басталады.

Бұдан басқа, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
режимдерінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда-
саттықтың тоқтата тұруы ұзартылды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 23 желтоқсанына және одан кейінгі 
   күндерге келетін ProShares Short Bitcoin ETF US74347G1849 ("KASE 
   Global" секторы, BITI_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 25 желтоқсанынан 
   бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 23 желтоқсанына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, ProShares Ultra Ether ETF US74349Y5713 ("KASE 
   Global" секторы, ETHT_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 
   25 желтоқсанынан бастап қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 23 желтоқсанына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, ProShares Bitcoin Strategy ETF US74347G4405 ("KASE 
   Global" секторы, BITO_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 
   25 желтоқсанынан бастап қайта басталады;

4) есеп айырысу күні 2026 жылдың 22 желтоқсанына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON 
   US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ), сауда-саттық 
   2026 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-
де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
Об эмитенте Occidental Petroleum OXY_KZ · БСН 800800800900
OXY_KZ · KASE 53,30$ мәміле 23.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz