Нарық
24.11.2026

30 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

29.10.2026 17:02 · KASE Регламент и торги инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылдың 30 қазанынан бастап American Electric Power Company, Inc. және PayPal Holdings Inc. акциялары бойынша репо операцияларында сауда тоқтатылады.
  • Инвестор үшін: Бұл шешім дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеуге байланысты техникалық сипатқа ие және активтердің құнына тікелей әсер етпейді.
  • Неге назар аудару керек: Сауданың қайта басталу күндеріне назар аудару керек: AEP_KZ үшін 12 қараша, PYPL_KZ үшін 7 желтоқсан.
Қазақстан қор биржасы екі шетелдік компанияның акциялары бойынша репо операцияларында сауданы уақытша тоқтатады. Бұл шара эмитенттердің дивиденд төлеу процестерімен байланысты стандартты процедура болып табылады.

Сауданың тоқтатылуы тек белгілі бір режимдерге қатысты және белгіленген мерзімдерден кейін қайта басталады. Бұл оқиға нарықтағы іргелі өзгерістерді білдірмейді.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 29.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
30 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
режимдерінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен KASE-
де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 қарашасына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, American Electric Power Company, Inc.US0255371017 
   ("KASE Global" секторы, AEP_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 
   12 қарашасынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 04 желтоқсанына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, PayPal Holdings Inc.US70450Y1038 ("KASE Global" 
   секторы, PYPL_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 07 желтоқсанынан 
   бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-
де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
Об эмитенте American Electric Power Company AEP_KZ · БСН 800800800879
AEP_KZ · KASE 120,35$ мәміле 20.11.2026
Об эмитенте PayPal Holdings PYPL_KZ · БСН 800800800871
PYPL_KZ · KASE 55,24$ мәміле 24.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz