Нарық
23.11.2026

04 қараша күні Қазақстан қор биржасында "Арлан Лизинг" ЖШС 500 000 KZ2P00020241 (ARLZb1) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

30.10.2026 16:24 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: ARLZB1 Арлан Лизинг · KASE →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 4 қарашада KASE-де Арлан Лизинг ЖШС-нің номиналы 1 000 теңге болатын 500 000 000 теңге көлеміндегі купондық облигацияларын орналастыру бойынша сауда-саттық өткізіледі.
  • Инвестор үшін: Бұл жаңа құралдың нарыққа шығуы, ал купон мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі алғашқы сауда-саттық нәтижелері бойынша анықталады.
  • Неге назар аудару керек: Инвесторларға сауда-саттық күні (04.11.26) сағат 10:00-ден 15:00-ге дейінгі өтінім беру мерзіміне және купон мөлшерлемесінің белгіленуіне назар аудару қажет.
Арлан Лизинг ЖШС KASE платформасында жаңа облигациялар шығаруды жоспарлап отыр. Бұл процедуралық іс-шара, мұнда құжаттамада көрсетілген 500 миллион теңге көлеміндегі құралдарды орналастыру үшін мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.

Облигациялардың купондық табысы мен нақты өтеу мерзімі әлі белгісіз, себебі олар сауда-саттық нәтижелеріне байланысты анықталады. Бұл жағдайда розницалық инвесторларға брокерлері арқылы шектелімді өтінімдер беру мүмкіндігі қарастырылған.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 30.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
04 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде "Арлан Лизинг" ЖШС 
KZ2P00020241 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ARLZb1) 
облигацияларын орналастыру бойынша төмендегі шарттарда (Астана қ. 
уақыты) мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілетінін хабарлайды.

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар           
ISIN:                                     KZ2P00020241                    
KASE сауда-саттық коды:                   ARLZb1                          
Номиналды құны, теңге:                    1 000,00                        
Шығарылым көлемі, теңге:                                                  
– тіркелген:                              500 000 000                     
– орналастырылған:                                                        
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықты өткізу күні      
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады            
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады            
Өтінім беру мерзімі:                      3 жыл (1 080 күн)               
Купон мөлшерлемесі:                       облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықтың нәтижелері      
                                          бойынша анықталады              
Купондарды төлеу мерзімділігі:            жылына 2 рет                    
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады            
Уақыттық база:                            30 / 360                        
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        04.11.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   500 000 000                     
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–15:00                     
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–15:00                     
Кесімдеу уақыты:                          16:00 (Т+0)                     
Төлем күні мен уақыты:                    04.11.26, 16:00                 
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан төмен өтінімдер     
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "WindoW Capital" АҚ             
--------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызбен 
үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың 
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең 
немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ARLZb1
Об эмитенте Арлан Лизинг ARLZ · БСН 221240033724

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz