/қайталау/ KASE 2026 жылдың қараша айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдерін қалыптастырды
- Дәйек: KASE 2026 жылдың 23 қазанындағы шешімі бойынша қараша айына бағалы қағаздардың өтімділік кластарының тізімдерін жасады, бірінші класқа 95 атау енгізілді.
- Инвестор үшін: Өтімділік класының өзгеруі биржаның ішкі құжаттарын қолдану үшін қажет және бұл бағалы қағаздардың нарықтық құнына тікелей әсер етпейді.
- Неге назар аудару керек: Инвесторларға 2026 жылдың 1-30 қарашасы аралығында қолданылатын жаңа тізімдерді KASE интернет-ресурсынан тексеру ұсынылады.
Қазақстан қор биржасы ай сайын жүргізілетін стандартты процедура аясында бағалы қағаздарды өтімділік кластарына бөледі. Бұл процесс биржаның ішкі регламентіне сәйкес жүзеге асырылады және активтердің саудалану жиілігі мен көлеміне байланысты анықталады.
Қараша айына арналған бірінші класс тізіміне Nebius Group, Broadcom және ConocoPhillips акциялары, сондай-ақ Сентрас Секьюритиз басқаратын қорлардың пайлары қосылды. Сонымен қатар, ExxonMobil, Newmont және Alatau City Invest басқаратын қордың пайлары бірінші кластан шығарылды. Бұл өзгерістер техникалық сипатқа ие.
Қараша айына арналған бірінші класс тізіміне Nebius Group, Broadcom және ConocoPhillips акциялары, сондай-ақ Сентрас Секьюритиз басқаратын қорлардың пайлары қосылды. Сонымен қатар, ExxonMobil, Newmont және Alatau City Invest басқаратын қордың пайлары бірінші кластан шығарылды. Бұл өзгерістер техникалық сипатқа ие.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 02.11.26, 29.10.26 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналысқа жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың қараша айына инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздардың бірінші, екінші және үшінші өтімділік кластарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылдың 23 қазанындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды. 2026 жылдың 01-30 қарашасы аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 95 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2026 жылдың қазан айына құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді: 1) Nebius Group N.V. NL0009805522 ("KASE Global" секторы, NBIS_KZ) жай акциялары; 2) Broadcom Inc. US11135F1012 ("KASE Global" секторы, AVGO_KZ) жай акциялары; 3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "еурооблигациялар қоры" ИИИПҚ KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) пайлары; 4) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Қазынашылық" ЖИПҚ KZPF00000280 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECtf); 5) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акциялары. 2026 жылдың қазан айына құрылған өтімділіктің бірінші класс тізімінен: 1) ExxonMobil Holdings Corporation US30233Q1085 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары; 2) Newmont Corp. US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акциялары; 3) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИИПҚ KZPF00000173 (сектор "ценные бумаги инвестиционных фондов", FHJIds) пайлары. 2026 жылдың қараша айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_nov.pdf 2026 жылдың қазан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_oct.pdf Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026