Нарық
23.11.2026

2026 жылдың 04 қарашасынан бастап қазақстан қор биржасы, KASE индексінің мәніне өкілетті тізіміне кіретін, акциялардың параметрлерін өзгертті

02.11.2026 10:42 · KASE Регламент и торги индекстер мен индикаторлар kase индексі новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE индексіне кіретін 10 акцияның еркін айналыстағы үлесі (free float) және шектеу коэффициенттері өзгертілді.
  • Инвестор үшін: Бұл техникалық түзетулер индекстің есептелуіне әсер етеді, бірақ акциялардың нарықтық құнына немесе инвестордың табысына тікелей әсер етпейді.
  • Неге назар аудару керек: Индекстің жаңа мәндеріне және акциялардың салмағының өзгеруіне назар аудару қажет.
Қазақстан қор биржасы KASE индексін есептеу үшін қолданылатын параметрлерді жаңартты. Негізгі өзгерістер акциялардың еркін айналыстағы үлесі мен шектеу коэффициенттеріне қатысты жасалған. Мысалы, Банк ЦентрКредит (CCBN) акцияларының еркін айналыстағы үлесі 34.4%-дан 36.3%-ға дейін өзгерді.

Бұл шара индекстің нарықтық жағдайға сәйкес болуын қамтамасыз ететін стандартты процедура болып табылады. Free float — бұл нарықта еркін саудаланатын акциялардың саны, ол индекстегі компанияның салмағын анықтау үшін қолданылады. Параметрлердің өзгеруі индекстің есептелу әдістемесіне байланысты техникалық сипатқа ие.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 02.11.26/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды 
бағалау комитетінің 2026 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE индексінің өкілетті 
тізіміне енетін – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу 
коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 
қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

------------------------------------------------------------------------------
          2026 жылдың 04 қарашасынан бастап      2026 жылдың 04 қарашасына дейін
            орналастыры-   free   шектеулі    орналастыры-   free  шектеулі   
Акциялар    лған акциялар  float  коэф-       лған акциялар  float коэф-      
коды        саны           (Fi),% фициент(Ri) саны          (Fi),% фициент(Ri)
------------------------------------------------------------------------------
AIRA        354 951 593   58.8  1.0000000     354 951 593    58.8  1.0000000
CCBN        171 030 935   34.4  0.5787960     176 080 651    36.3  0.5702598
HSBK     10 911 307 373   38.1  0.1175401  10 913 733 093    38.1  0.1091373
KCEL        200 000 000   34.1  0.8474984     200 000 000    34.1  0.7926800
KEGC        275 292 728   15.0  1.0000000     275 292 728    15.0  1.0000000
KMGZ        610 119 493   11.8  0.0688555     610 119 493    12.2  0.0681713
KSPI        190 027 266   39.5  0.0576089     190 027 266    37.9  0.0573510
KZAP        259 356 608   25.0  0.0988743     259 356 608    25.0  0.0839758
KZTK         10 706 024    8.7  1.0000000      10 706 024     8.7  1.0000000
KZTO        384 628 099   10.0  1.0000000     384 628 099    10.0  1.0000000
------------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE  акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін 
өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың 
эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл 
акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE 
индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін 
өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай 
сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге 
қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер 
мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 
таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" 
болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет 
болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: 
AIRA - "Эйр Астана" АҚ; CCBN - "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK - "Қазақстан Халық 
Банкі" АҚ; KCEL - "Кселл" АҚ; KEGC - АҚ "KEGOC"; KMGZ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық 
компаниясы" АҚ ; KSPI - Kaspi.kz АҚ; KZAP - АҚ "Казатомпром" ҰАК"; KZTK - АҚ 
"Қазақтелеком"; KZTO - АҚ "КазТрансОйл".

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі 
жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты 
негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның 
орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. 
Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы 
құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай 
акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, 
акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық 
деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды 
инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың 
саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға 
дейін шектейтін, параметр.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz