Нарық
23.11.2026

"ҚазТрансОйл" АҚ "Атасу-Алашанькоу" магистральдық мұнай құбыры SCADA жүйесінің интеграциясын аяқтады

06.11.2026 16:31 · KASE Корпоративтік оқиғалар корпоративтік оқиғалар баспасөз мәлімдемелері новости эмитентов
Хабарламадағы бағалы қағаз: KZTO КазТрансОйл · KASE · 1 359,00 ₸ (23.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 6 қарашада ҚазТрансОйл АҚ Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының SCADA жүйесін интеграциялауды аяқтағанын хабарлады.
  • Инвестор үшін: Бұл техникалық жаңарту компанияның операциялық басқару тиімділігін арттыруға бағытталған, бірақ қысқа мерзімді қаржылық көрсеткіштерге тікелей әсер етпейді.
  • Неге назар аудару керек: Компанияның алдағы қаржылық есептеріне және мұнай тасымалдау көлеміне қатысты мәліметтерге назар аудару ұсынылады.
Компания мұнай тасымалдауды басқарудың бірыңғай орталығын құру бойынша көпжылдық жұмысын аяқтады. SCADA жүйесі — бұл технологиялық процестерді қашықтан бақылау және басқаруға арналған бағдарламалық кешен. Оны интеграциялау диспетчерлік басқарудың деңгейлерін азайтып, шешім қабылдау жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл оқиға компанияның ішкі инфрақұрылымын жаңарту аясындағы техникалық қадам болып табылады. Ол компанияның операциялық тұрақтылығын нығайтуы мүмкін, алайда бұл ақпарат акциялардың құнына немесе дивидендтік саясатқа әсер ететін тікелей драйвер ретінде қарастырылмайды.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 06.11.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ "Қазақстан-Қытай Құбыры" ЖШС "Атасу – Алашанькоу" 
магистральдық мұнай құбырының SCADA жүйесін "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 
диспетчерлік бақылау және басқару жүйесімен интеграциялауды аяқтады. 
Бұл – "ҚазТрансОйл" АҚның және еншілес әрі бірлесіп бақыланатын 
ұйымдарының магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай 
тасымалдауды жедел басқарудың бірыңғай орталығын қалыптастыру 
жөніндегі жұмыстың қорытынды кезеңі.

"Диспетчерлік басқарудың бірыңғай орталығын қалыптастыру 2003 жылы 
басталды. Компания мұнай тасымалдауды жедел басқарудың төрт деңгейлі 
жүйесінен екі деңгейлі жүйесіне екі кезеңмен көшті. 2009 жылы 
технологиялық объектілерді Павлодар және Атырау қалаларындағы 
орталық диспетчерлік пункттер (ОДП) деңгейінен басқару жолға қойылды. 
Бұл ретте өңірлік диспетчерлік пункт (ӨДП) таратылып, Бас диспетчерлік 
басқармаға (БДБ) жалпы бақылау функциялары берілді. 2017 жылы 
технологиялық объектілерді тікелей жедел басқару Астанадағы БДБ 
деңгейіне беріліп, ОДП жедел басқару құрылымынан шығарылды. Осы 
кезеңнің қорытындысы бойынша магистральдық мұнай құбырларының 
объектілерін диспетчерлік басқарудың бірыңғай жүйесіне біріктірген жеті 
технологиялық учаске қалыптастырылды. Екі деңгейлі басқару жүйесіне 
көшу шешім қабылдау жеделдігін арттырып, диспетчерлік басқарудың 
тиімділігін күшейтуге мүмкіндік берді", – деп атап өтті "ҚазТрансОйл" АҚның 
"Мұнай тасымалдауды басқару орталығы" филиалының директоры Данияр 
Тасыбаев.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_061126_2_kaz.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_061126_2.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs__061126_2_eng.pdf
Об эмитенте КазТрансОйл KZTO · БСН 970540000107
KZTO · KASE 1 359,00₸ мәміле 23.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz