Нарық
23.11.2026

09 қараша күні Қазақстан қор биржасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру бойынша гибридті аукцион өтеді

06.11.2026 18:36 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: NTK091_2892 Ұлттық Банкі · KASE · 96,46 ₸ (12.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 9 қарашада Ұлттық Банкінің 50 млрд теңге көлеміндегі 91 күндік дисконттық ноталары орналастырылады.
  • Инвестор үшін: Инвесторларға дәстүрлі және токенизацияланған (цифрлық) нысандағы екі түрлі құралды сатып алу мүмкіндігі беріледі.
  • Неге назар аудару керек: Өтінімдерді қабылдау уақыты 11:00-ден 12:00-ге дейін, ал кесімдеу уақыты 16:00-де болады.
Бұл гибридті аукцион Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді борыш құралдарын орналастырудың стандартты процедурасы болып табылады. Ерекшелігі — бір шығарылымның дәстүрлі және цифрлық активтер (ЦҚА) түріндегі нұсқаларының бір уақытта ұсынылуында.

Дисконттық ноталар номиналды құнынан төмен бағамен сатылып, мерзімі өткен соң номинал бойынша өтелетін құралдар. Бұл жерде құралдардың айналым мерзімі 91 күн және өтеу күні 2027 жылғы 10 ақпан деп белгіленген.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 06.11.26/ – 2026 жылдың 09 қарашасында Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын бір шығарылымның бір мезгілде 
екі қаржы құралы – NTK091_2892 дәстүрлі ноталары және 1DNT912892 
токенизацияланған ноталары бойынша төменде келтірілген шарттарда 
(Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған 
сауда-саттық өткізілетін болады.

---------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                     дисконттық ноталар
ISIN:                                        KZW100014585      
Дәстүрлі ноталардың сауда-саттық коды:       NTK091_2892       
Токенизацияланған ноталардың сауда-саттық    1DNT912892        
коды:                                                          
Номиналды құны, KZT:                         100               
Шығарылым көлемі, KZT:                                         
– тіркелген:                                 50 000 000 000    
– орналастырылған (номинал бойынша):         –                 
Айналымның басталу күні:                     11.11.26          
Айналымның соңғы күні:                       09.02.27          
Өтеудің басталу күні:                        10.02.27          
Айналым мерзімі:                             91 күн            
Уақыттық база:                               actual/365        
-------------------------------------------- ------------------
Сауда-саттық күні:                           09.11.26          
Жарияланған орналастыру көлемі, KZT:         50 000 000 000    
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 11:00–12:00       
Кесімдеу уақыты:                             16:00 (Т+0)       
Сауда-саттық заты:                           дисконтталған баға
Өтінім беру тәсілі:                          жабық             
Дәстүрлі ноталардың минималды өтінім көлемі, белгіленбеген     
дана:                                        50 000            
Цифрлық ноталар өтінімінің минималды көлемі, 11.11.26          
---------------------------------------------------------------

NTK091_2892 дәстүрлі ноталары "Бағалы қағаздардың орталық 
депозитарийі" АҚ құқықтарын ескере отырып, дәстүрлі тәртіппен 
шығарылады.

1DNT912892 токенизацияланған ноталар KASE цифрлық қаржы активтері 
(ЦҚА) платформасында электрондық-цифрлық нысанда қаржы құралдары 
түрінде шығарылады, олар бойынша құқықтар "Бағалы қағаздардың 
орталық депозитарийі" АҚ бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін 
ұстаушылар тізілімдері жүйесінде көрсете отырып, KASE ЦҚА 
ұстаушыларды есепке алу жүйесіндегі цифрлық активтер мен ЦҚА есепке 
алу үшін шоттарда ескеріледі.

Гибридті аукционда жасалған токенизацияланған ноталармен мәмілелер 
бойынша клиринг пен есеп айырысуды KASE Клиринг орталығы жүзеге 
асырады.

Токенизацияланған ноталар бойынша есеп айырысу үшін "Бағалы 
қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-дағы KASE Клирингк орталығының 
корреспонденттік шотының деректемелері:

Бенефициардың атауы: "KASE Клиринг орталығы" АҚ

Банк шотының нөмірі (ЖСК) KZ117660000366162CC1

Бенефициар банкінің атауы: "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ

Бенефициар Банкінің БИК: CEDUKZKA

КБЕ: 15

Мәмілелер жасасу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_making_deals.pdf

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын 
"Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-клирингілік жүйесінде, оның ішінде қаржы 
құралдары түрінде электрондық-цифрлық нысанда орналастыру бойынша 
гибридті аукцион өткізу ережелері реттеудің ерекше режимі шеңберінде 
09 қарашада жарияланатын болады.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz