Нарық
23.11.2026

16 қарашада KASE-де "Bereke Bank" АҚ-тың (ЕБ Lesha Bank LLC (Public)) 2,0 млн KZ2C00020980 (BERKb25) облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

13.11.2026 10:41 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: BERKB25 Bereke Bank · KASE →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 16 қарашада KASE-де Bereke Bank АҚ-тың 2 млрд теңге көлеміндегі (2 млн дана) купондық облигациялары орналастырылады.
  • Инвестор үшін: Инвесторлар үшін жылдық 17,00% мөлшерлемесімен, жылына 2 рет төленетін купондық табыс алу мүмкіндігі пайда болады.
  • Неге назар аудару керек: Облигациялардың айналыс мерзімі 18 ай екеніне және өтеу мерзімі кейінірек анықталатынына назар аудару қажет.
Бұл хабарлама Bereke Bank АҚ-тың капиталды тарту мақсатында жаңа облигациялар шығарылымын бастағанын білдіреді. Құжат бойынша номиналды құны 1 000 теңге болатын құралдардың жылдық купоны 17,00% деп белгіленген.

Орналастыру көлемі 2 млрд теңгені құрайды, ал жалпы тіркелген шығарылым көлемі 20 млрд теңгеге дейін жетеді. Бұл эмитенттің нарықтан қаржы жинау жоспарының бөлігі болып табылады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 13.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 16 қарашада 
KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "Bereke Bank" АҚ-тың (ЕБ Lesha Bank LLC 
(Public))  KZ2C00020980 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, 
BERKb25) облигацияларын төменде көрсетілген талаптармен орналастыру 
бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін (Астана қ. 
уақытымен) хабарлайды.

--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                      купондық облигациялар                   
ISIN:                                   KZ2C00020980                            
KASE сауда-саттық коды:                 BERKb25                                 
Номиналды құны, KZT:                    1 000,00                                
Шығарылым көлемі, KZT:                                                          
– тіркелген:                            20 000 000 000                          
– орналастырылған (номиналы бойынша):   –                                       
Айналыс басталған күн:                  облигацияларды орналастыру бойынша      
                                        бірінші аяқталған аукцион өткізілген күн
Айналыста болатын соңғы күн:            кейінірек анықталады                    
Өтеу басталатын күн:                    кейінірек анықталады                    
Айналыс мерзімі:                        18 ай                                   
Купондық мөлшерлеме:                    жылдық 17,00%                           
Купон төленетін кезең:                  жылына 2 рет                            
Купон төлеу басталатын күн:             кейінірек анықталады                    
Уақыттық базасы:                        actual/actual                           
--------------------------------------- ----------------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:           16.11.26                                
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT: 2 000 000 000                           
Лот мөлшері, дана:                      1                                       
Сауда-саттық мәні:                      "таза" баға                             
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       лимиттелген                             
Өтінім беру тәсілі:                     ашық                                    
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–15:30                             
Өтінім расталатын уақыт:                10:00–15:30                             
Кесім уақыты:                           16:00 (Т+0)                             
Төлем жасалатын күн және уақыт:         16.11.26, 16:00                         
Өтінімдерді кесіп алып тастау әдісі:    бағалары кесім бағасына тең             
                                        немесе одан төмен өтінімдер             
                                        іріктеп алып тасталады                  
Өтінімдердің бағасына байланысты        бір баға бойынша бөліп жіктеу;          
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру                                          
тәсілі:                                                                         
Берілген кезегіне байланысты            қарсы өтінімдерді қабылдау              
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру  уақыты бойынша                          
тәсілі:                                                                         
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:   "Teniz Capital Investment Banking” АҚ   
--------------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде үтірден кейінгі төртінші ондық таңбаға дейінгі 
дәлдікпен көрсетілген номиналды құнының пайызы түрінде көрсетілген 
облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы 
көрсетілуге тиіс.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигация даналарының саны 
көрсетілуге керек. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот өлшеміне тең 
немесе оған есе болуы керек, 2 000 000 дана (номиналында 2 000 000 000 
KZT).

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір 
облигацияның "таза емес" бағасының көбейтіндісі (жинақталған сыйақыны 
ескере отырып) көрсетілуі керек.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз 
ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып 
алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем 
мерзімінде "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында 
қаражаттың болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Об эмитенте Bereke Bank BERK · БСН 930740000137

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz