Нарық
23.11.2026

KASE Басқармасы Маркет-мейкерлер қызметінің ережелерін жаңа редакцияда бекітті

16.11.2026 16:56 · KASE Регламент и торги нормативная база утверждение новых документов новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 10 қарашада KASE Басқармасы Маркет-мейкерлер қызметінің ережелерінің жаңа редакциясын бекітті.
  • Инвестор үшін: Ережелердегі өзгерістер (спрэдтер мен баға белгілеу көлемінің қайта қаралуы) сауда операцияларының техникалық параметрлеріне әсер етеді.
  • Неге назар аудару керек: Жаңа ережелердің нақты қолданысқа енгізілу күні туралы алдағы хабарландыруларды бақылау қажет.
Құжаттың жаңа редакциясы маркет-мейкерлердің жұмыс істеу шарттарын оңтайландыруға бағытталған. KZT акциялары бойынша максималды спрэдтің 3,0%-дан 2%-ға дейін төмендетілуі және валюталар мен фьючерстер бойынша баға белгілеу параметрлерінің өзгеруі сауданың техникалық жағына қатысты.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 16.11.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 
2026 жылдың 10 қарашасындағы шешімімен "Маркет-мейкерлер 
қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжаты жаңа 
редакцияда бекітілді. Ережені жаңа редакцияда қолданысқа енгізу күні 
туралы қосымша хабарланатын болады.

Ережелердің жаңа редакциясы қолданыстағы аттас ішкі құжат негізінде оны 
өзектендіру, құрылымын оңтайландыру, сондай-ақ маркет-мейкер 
мәртебесін беру/айыру процестері мақсатында әзірленді.

Бұдан басқа, Ережелердің жаңа редакциясы, оның ішінде мыналарды 
көздейді:

- KZT акциялары бойынша 1 схема бойынша максималды спрэд 3,0 %-
  дан 2 %-ға дейін төмендетілді;

- ETF және пайлар бойынша баға белгілеудің үш схемасы 
  қарастырылған;

- KASE Global секторында баға белгілеу көлемі күніне міндетті баға 
  белгілеудің минималды көлемін екі есеге ұлғайта отырып 1 000 АЕК-тен 
  500 АЕК-ке дейін төмендетілді;

- фьючерстер бойынша спрэдтер мен баға белгілеудің митнималды 
  көлемі қайта қаралды;

- еуро бойынша міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 
  250 000 EUR, максималды спрэд – 0,6 KZT мөлшерінде анықталды;

- БАӘ дирхамдары бойынша максималды спрэд – 0,07 KZT мөлшерінде 
  белгіленді.

Жаңа редакциядағы Ережелер қолданысқа енгізілген күннен бастап 
қолданыстағы редакцияда Ережелердің күші жойылды деп танылатын 
болады.

Жаңа редакциядағы Ережелер мына сілтеме бойынша KASE интернет-
ресурсында жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("Сауда-
саттықтар" – "Маркет-мейкерлер" бетбелгісі).

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz