Нарық
23.11.2026

/ҚАЙТАЛАУ/ 18 қарашада KASE-де "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-тың 50,0 млн KZ2C00020923 (IDFRb16) облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

17.11.2026 09:00 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: IDFRB16 Өнеркәсіпті дамыту қоры · KASE →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 18 қарашада KASE-де Қазақстанның орнықтылық қоры АҚ-тың 50 млрд теңге көлеміндегі KZ2C00020923 облигацияларын орналастыру бойынша сауда-саттық өтеді.
  • Инвестор үшін: Бұл жаңа құралдың нарыққа шығуы инвесторлар үшін табыс алудың қосымша мүмкіндігін ашады, ал купондық мөлшерлеме алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленеді.
  • Неге назар аудару керек: Облигациялардың купондық мөлшерлемесіне және орналастырудың қорытындыларына назар аудару қажет.
Қазақстанның орнықтылық қоры АҚ 5 жылдық мерзімге есептелген купондық облигацияларды шығаруды жоспарлап отыр. Құжаттар бойынша номиналды құны 1 000 теңге, ал купондар жылына екі рет төленеді.

Орналастыру көлемі 50 млрд теңгемен айқындалған, бұл нарық үшін айтарлықтай сома болып табылады. Купондық мөлшерлеме алдын ала белгіленбеген, ол сауда-саттық барысында қалыптасады, бұл құралдың болашақ табыстылығын анықтайтын негізгі фактор болады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 17.11.26, 16.11.26 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы 
(KASE) 2026 жылғы 18 қарашада KASE-нің сауда-саттық жүйесінде 
"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың KZ2C00020923 (KASE негізгі 
алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb16) облигацияларын төменде 
көрсетілген талаптармен орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-
саттық өткізілетінін (Астана қ. уақытымен) хабарлайды.

-------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                      купондық облигациялар            
ISIN:                                   KZ2C00020923                     
KASE сауда-саттық коды:                 IDFRb16                          
Номиналды құны, KZT:                    1 000,00                         
Шығарылым көлемі, KZT:                                                   
– тіркелген:                            50 000 000 000                   
- орналастырылған:                      –                                
Айналыс басталған күн:                  облигацияларды орналастыру       
                                        бойынша бірінші аяқталған аукцион
                                        өткізілген күн                   
Айналыста болатын соңғы күн:            кейінірек анықталады             
Өтеу басталатын күн:                    кейінірек анықталады             
Айналыс мерзімі:                        5 жыл (1 800 күн)                
Купондық мөлшерлеме:                    облигацияларды орналастыру       
                                        бойынша бірінші аяқталған        
                                        сауда-саттық өткізу қорытындысы  
                                        бойынша анықталады               
Купон төленетін кезең:                  жылына 2 рет                     
Купон төлеу басталатын күн:             кейінірек анықталады             
Уақыттық базасы:                        30 / 360                         
--------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:           18.11.26                         
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT: 50 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана:                      1                                
Сауда-саттық мәні:                      Купон мөлшерлемесі               
Сатып алуға берілген өтінім түрі:       лимиттелген                      
Өтінім беру тәсілі:                     жабық                            
Өтінім қабылданатын уақыт:              10:00–12:00                      
Өтінім расталатын уақыт:                10:00–12:30                      
Кесім уақыты:                           13:00 (Т+0)                      
Төлем жасалатын күн және уақыт:         18.11.26, 13:00                  
Өтінімдерді кесіп алып тастау әдісі:    бағалары кесім бағасына тең      
                                        немесе одан төмен өтінімдер      
                                        кесіп алып тасталады             
Өтінімдердің бағасына байланысты        бір баға бойынша бөліп жіктеу    
лимиттелген өтінімдерді қанағаттандыру                                   
тәсілі:                                                                  
Берілген кезегіне байланысты            қарсы өтінімдерді қабылдау       
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру   уақыты бойынша                   
тәсілі:                                                                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:   "Halyk Finance" АҚ               
-------------------------------------------------------------------------

Облигациялардың андеррайтері – "Halyk Finance" АҚ.

Өтінім бағасы ретінде купон мөлшерлемесін үтірден кейінгі екінші белгіге 
дейін көрсетілген облигацияның номиналды құнының жылдық пайызы 
түрінде көрсету керек.

Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигация даналарының саны 
көрсетілуге керек. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот өлшеміне тең 
немесе оған есе болуы керек.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір 
облигацияның номиналды бағасының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өз 
ережелеріне сәйкес жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып 
алынған бағалы қағаздарды төлеу үшін кестеде көрсетілген төлем 
мерзімінде "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында 
қаражаттың болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Об эмитенте Өнеркәсіпті дамыту қоры IDFR · БСН 050940001237

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz