Нарық
24.11.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Bereke Bank" АҚ (LESHA Bank LLC (Public) ЕБ) 2,0 млн KZ2C00020949 (BERKb24) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

20.11.2026 09:00 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: BERKB24 Bereke Bank · KASE →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 20 қарашада Bereke Bank АҚ 2 млрд теңге көлеміндегі купондық облигацияларды (ISIN: KZ2C00020949) орналастыру бойынша сауда-саттық өткізеді.
  • Инвестор үшін: Инвесторлар үшін жылдық 17,00% купон мөлшерлемесімен және жылына 2 рет төлем жасалатын құрал пайда болады.
  • Неге назар аудару керек: Сауда-саттық нәтижелеріне, облигациялардың айналымға шығу күніне және өтеу мерзіміне назар аудару қажет.
Бұл жаңалық Bereke Bank АҚ-ның капиталды тарту мақсатында жаңа облигациялар шығаруы туралы хабарлайды. Құжат бойынша номиналды құны 1 000 теңге болатын құралдардың жалпы тіркелген көлемі 20 млрд теңгеге жетеді, ал ағымдағы орналастыру көлемі 2 млрд теңге деп белгіленген.

Облигациялар купондық түріне жатады, бұл иесіне белгіленген мерзімде пайыздық табыс алу мүмкіндігін береді. Сауда-саттыққа тек KASE қор нарығының мүшелері ғана тікелей қатыса алады, ал жеке инвесторлар бұл ұйымдар арқылы өтінім бере алады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 20.11.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Bereke Bank" АҚ (LESHA Bank 
LLC (Public) ЕБ) KZ2C00020949 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық 
облигациялар" санаты, BERKb24) облигацияларын орналастыру бойынша 
төмендегі шарттарда (Астана қ. уақыты) мамандандырылған сауда-
саттықтар өткізілетінін хабарлайды.

-------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар                
ISIN:                                     KZ2C00020949                         
KASE сауда-саттық коды:                   BERKb24                              
Номиналды құны, теңге:                    1 000,00                             
Шығарылым көлемі, теңге:                                                       
– тіркелген:                              20 000 000 000                       
– орналастырылған:                        –                                    
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру           
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан         
                                          сауда-саттықты өткізу күні           
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады                 
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады                 
Өтінім беру мерзімі:                      12 ай                                
Купон мөлшерлемесі:                       жылдық 17,00 %                       
Купондарды төлеу мерзімділігі:            жылына 2 рет                         
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады                 
Уақыттық база:                            actual/actual                        
----------------------------------------- -------------------------------------
Сауда-саттық күні:                        20.11.26                             
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   2 000 000 000                        
Лот мөлшері, дана.:                       1                                    
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі                   
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                           
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                                
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–15:30                          
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–15:30                          
Кесімдеу уақыты:                          16:00 (Т+0)                          
Төлем күні мен уақыты:                    20.11.26, 16:00                      
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең       
                                          немесе одан жоғары өтінімдер         
                                          кесімделеді                          
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша     
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                             
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау       
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                       
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Teniz Capital Investment Banking" АҚ
-------------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон 
мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен көрсетілген 
облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны 
лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс, 2 000 000 дана 
(номиналы 2 000 000 000 KZT).

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша https://kase.kz/ru/investors/bonds/BERKb24
Об эмитенте Bereke Bank BERK · БСН 930740000137

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz