Нарық
23.11.2026

KASE Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін "Инвестор жолы: қор нарығындағы алғашқы қадамдар" атты білім беру семинарын өткізді

20.11.2026 17:17 · KASE Регламент и торги новости академии kase новости kase academy новости
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 20 қарашада KASE Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін білім беру семинарын өткізді.
  • Инвестор үшін: Бұл іс-шара қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған және активтердің құнына немесе табыстылығына тікелей әсер етпейді.
  • Неге назар аудару керек: Инвесторлар KASE Академиясының LMS-платформасындағы ақысыз курстар мен тренажерлердің қолжетімділігіне назар аудара алады.
KASE Академиясының білім беру бастамалары жастардың қаржы нарығына қызығушылығын арттыруға бағытталған. Семинар барысында студенттер биржалық сауда тетіктерімен және инвестициялық қызметті бастау кезеңдерімен танысты.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 20.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) жастардың қаржылық 
сауаттылығын арттыруға және инвестициялық мәдениетті насихаттауға 
жәрдемдесе отырып, елдің жетекші білім беру мекемелерімен 
ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.

Осы жұмыс аясында KASE Академиясының директоры Абылай Сыздықов 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне "Инвестор 
жолы: қор нарығындағы алғашқы қадамдар" тақырыбында қонақ семинар 
өткізді.

Кездесу барысында студенттер қор нарығының жұмыс істеу 
қағидаттарымен, KASE қызметімен және инвестициялық қызметті 
бастаудың негізгі кезеңдерімен танысты. Қаржылық сауаттылықтың 
маңыздылығына және оның жеке қаржыны басқаруға жауапты көзқарасты 
қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қатысушыларға биржалық сауда тетіктерімен тәжірибеде 
танысуға мүмкіндік беретін биржалық тренажер және KASE білім беру LMS-
платформасы ұсынылды. Платформада инвестициялар мен қаржы 
бойынша ақысыз курстар, сондай-ақ жетекші сарапшылардың қатысуымен 
семинар жазбалары бар.

Осындай білім беру іс-шараларын өткізу қаржы нарығы мен академиялық 
қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, студенттердің 
практикалық білімін кеңейтуге және жас ұрпақ арасында тұрақты 
инвестициялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

KASE Академиясы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, 
инвестицияларға қызығушылықты дамытуға және қаржы нарығына 
қатысушылардың жаңа буынын дайындауға бағытталған білім беру 
бастамаларын іске асыруды жалғастыруда.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz