Нарық
23.11.2026

25 қараша күні Қазақстан қор биржасында "Bereke Bank" АҚ (LESHA Bank LLC (Public) ЕБ) 2,0 млн KZ2C00020949 (BERKb24) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

23.11.2026 12:18 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: BERKB24 Bereke Bank · KASE →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 25 қарашада KASE биржасында Bereke Bank АҚ 2 млрд теңге көлеміндегі купондық облигацияларын (BERKb24) орналастыру бойынша сауда-саттық өткізіледі.
  • Инвестор үшін: Инвесторлар үшін жылдық 17,00% купон мөлшерлемесімен жаңа құралды сатып алу мүмкіндігі пайда болады, купондар жылына 2 рет төленеді.
  • Неге назар аудару керек: Өтінімдерді қабылдау уақытына (10:00–16:00) және облигациялардың өтеу мерзіміне (2027 жылғы 19 қараша) назар аудару қажет.
Бұл хабарлама Bereke Bank АҚ облигацияларының жаңа траншын орналастыру туралы техникалық шарттарды сипаттайды. Құралдың номиналы 1 000 теңгені құрайды, ал жалпы тіркелген шығарылым көлемі 20 млрд теңгеге жетеді.

Облигациялардың мерзімі 360 күнге есептелген, бұл қысқа мерзімді инвестициялау құралы екенін көрсетеді. Сауда-саттық жабық әдіспен өткізіледі және тек KASE қор нарығының мүшелері арқылы жүзеге асырылады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 23.11.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
25 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде биржасында "Bereke Bank" 
АҚ (LESHA Bank LLC (Public) ЕБ) KZ2C00020949 (KASE негізгі алаңы, 
"коммерциялық облигациялар" санаты, BERKb24) облигацияларын 
орналастыру бойынша төмендегі шарттарда (Астана қ. уақыты) 
мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілетінін хабарлайды.

-------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар                
ISIN:                                     KZ2C00020949                         
KASE сауда-саттық коды:                   BERKb24                              
Номиналды құны, KZT:                      1 000,00                             
Шығарылым көлемі, KZT:                                                         
– тіркелген:                              20 000 000 000                       
– орналастырылған:                        3 574 960 000                        
Айналымның басталу күні:                  20.11.26                             
Айналымның соңғы күні:                    19.11.27                             
Өтеудің басталу күні:                     20.11.27                             
Өтінім беру мерзімі:                      күн 365                              
Купон мөлшерлемесі:                       жылдық 17,00 %                       
Купондарды төлеу мерзімділігі:            жылына 2 рет                         
Купондарды төлеудің басталу күндері:      2027 жылдың 20 мамырында             
                                          және 20 қарашасында                  
Уақыттық база:                            actual/actual                        
----------------------------------------- -------------------------------------
Сауда-саттық күні:                        25.11.26                             
Өтеуге дейін мерзімі:                     360 күн                              
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   2 000 000 000                        
Лот мөлшері, дана.:                       1                                    
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі                   
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                           
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                                
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–16:00                          
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–16:00                          
Кесімдеу уақыты:                          16:30 (Т+0)                          
Төлем күні мен уақыты:                    25.11.26, 16:30                      
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең       
                                          немесе одан жоғары өтінімдер         
                                          кесімделеді                          
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы             
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        бойынша                              
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау       
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                       
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Teniz Capital Investment Banking" АҚ
-------------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон 
мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен көрсетілген 
облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны 
лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс, 2 000 000 дана 
(номиналында 2 000 000 000 KZT).

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша https://kase.kz/ru/investors/bonds/BERKb24
Об эмитенте Bereke Bank BERK · БСН 930740000137

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz