Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

/қайталау/ 05 қаңтардан бастап KASE есеп айырысуы сауда-саттық жасалған күні өткізілетін қытай юані бойынша сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу жүргізу регламентін өзгертеді

05.01.2026 10:02 · KASE торговая информация новости kase регламент торгов по иностранным валютам ·
/KASE, 05.01.26, 31.12.25 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы 
(KASE) 2026 жылғы 05 қаңтардан бастап KASE-де CNYKZT_TOD, 
USDCNY_TOD, EURCNY_TOD, CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002 қаржы 
құралдарымен сауда-саттық өткізілген кезде төмендегі өзгерістер 
енгізілетінін хабарлайды:

- сауда-саттықтың аяқталу уақыты Астана қ. уақытымен AST 11:30-дан 
  12:30-ға өзгертіледі;

- клирингілік сессия AST 12:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі;

- клирингілік қатысушылардың орындалу күні келген мәмілелер бойынша 
  нетто-міндеттемелерді төлеу үшін қытай юанін жеткізуінің соңғы мерзімі 
  – AST 14:30.

KASE және KASE клиринг орталығының (KACC) ішкі құжаттарына тиісті 
түзету енгізілді:

- Сауда-саттық және бақылау мен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысының 
  регламентіне енгізілген № 22 өзгерістер;

- Орталық контрагент қатысатын мәмілелер бойынша клирингілік 
  сессияларды өткізу регламентіне енгізілген №7 өзгерістер мен 
  толықтырулар.

Жаңартылған құжаттар KASE мен KACC-тың төмендегі интернет-
ресурстарында жарияланады:

- https://kase.kz/ru/information/rules ("Сауда-саттық" бетбелгісі);

- https://kacc.kz/ru/kacc-rules ("Клиринг" бетбелгісі).

[2026-01-05]