Нарық
25.11.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 100,0 млн KZ2C00021129 (BTRKb36) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

25.11.2026 09:00 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: BTRKB36 Бәйтерек ҰИХ · KASE →
БөлісуTelegramWhatsApp
  • Дәйек: 2026 жылғы 25 қарашада Бәйтерек Ұлттық инвестициялық холдингі АҚ 100 млрд теңге көлеміндегі купондық облигацияларды (KZ2C00021129) орналастыру бойынша сауда-саттық өткізеді.
  • Инвестор үшін: Инвесторлар үшін бұл жаңа құралға инвестициялау мүмкіндігі, ал купон мөлшерлемесі алғашқы сауда-саттық нәтижелері бойынша анықталады.
  • Неге назар аудару керек: Сауда-саттық нәтижелеріне, бекітілген купон мөлшерлемесіне және облигациялардың айналымға шығу күніне назар аудару қажет.
Бұл іс-шара эмитенттің нарықтан ірі көлемде қаржы тарту процесі болып табылады. Облигациялардың номиналды құны 1 000 теңгені құрайды, ал купондар айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді.

Орналастырудың жарияланған көлемі 100 млрд теңге. Купон мөлшерлемесі алдын ала белгіленбеген, ол жабық өтінімдерді жинау және кесімдеу нәтижелеріне сүйене отырып анықталады. Бұл құралдың табыстылығы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне байланысты болады.
Биржаның ресми хабарламасы (KASE)
/KASE, 25.11.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық 
инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00021129 (KASE негізгі алаңы, 
"облигациялар" санаты, BTRKb36) облигацияларын орналастыру бойынша 
төмендегі шарттарда (Астана қ. уақыты) мамандандырылған сауда-
саттықтар өткізілетінін хабарлайды.

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  купондық облигациялар           
ISIN:                                     KZ2C00021129                    
KASE сауда-саттық коды:                   BTRKb36                         
Номиналды құны, теңге:                    1 000                           
Шығарылым көлемі, теңге:                                                  
– тіркелген:                              100 000 000 000                 
– орналастырылған:                        –                               
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықты өткізу күні      
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады            
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады            
Өтінім беру мерзімі:                      16 ай                           
Купон мөлшерлемесі:                       облигацияларды орналастыру      
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан    
                                          сауда-саттықтың нәтижелері      
                                          бойынша анықталады              
Купондарды төлеу мерзімділігі:            айналыс мерзімінің соңында 1 ре 
Купондарды төлеудің басталу күндері:      кейінірек анықталады            
Уақыттық база:                            actual/actual                   
----------------------------------------- --------------------------------
Сауда-саттық күні:                        25.11.26                        
Орналастырудың жарияланған көлемі, KZT:   100 000 000 000                 
Лот мөлшері, дана.:                       1                               
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі              
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                      
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                           
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:30                     
Өтінімдерді растау уақыты:                13:00 (Т+0)                     
Кесімдеу уақыты:                          25.11.26, 13:00                 
Төлем күні мен уақыты:                    10:00–12:30                     
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең  
                                          немесе одан жоғары өтінімдер    
                                          кесімделеді                     
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                        
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау  
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                  
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Halyk Finance" АҚ              
--------------------------------------------------------------------------

"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның бірлескен қаржылық 
кеңесшілері мен андеррайтерлері "Halyk Finance" АҚ және "Alatau City 
Invest" АҚ болып табылады.

Баға ретінде өтінімде екінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигацияның номиналды құнынан жылдық пайызбен купон 
мөлшерлемесінің мәні көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең 
немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_trade.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша https://kase.kz/ru/investors/bonds/ BTRKb36
Об эмитенте Бәйтерек ҰИХ BTRK · БСН 130540020197

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz