/KASE, 05.01.26, 30.12.25 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) KASE-нің "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау
әдістемесі" атты ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналысқа жіберілген
бағалы қағаздардың ішінен 2026 жылдың қаңтарына өтімділіктің бірінші,
екінші және үшінші кластарындағы акциялардың, депозитарлық
қолхаттардың және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының
тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі
комитеттің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен бекітілді және ондағы
бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану
мақсатында қалыптастырылды.
2026 жылғы 01 қаңтардан 31 қаңтарға дейін қолданыста болатын
өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың тізіміне 73 атаудағы
бағалы қағаздар енгізілген. 2025 жылдың желтоқсан айына жасалған
өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен
салыстырғанда тізімге мыналар енгізілді:
1)ETF US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ProShares Ultra
Ether ETF;
2)ETF US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $
Investment Grade Corporate Bond ETF;
3)ETF US74347G1849 ("KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short
Bitcoin ETF;
4)"Эйр Астана" АҚ-тың US0090632078, US0090631088 жаһандық
депозитарлық қолхаттары ("туынды бағалы қағаздар" секторы, AIRAd),
олардың негізгі активтері KZ1C00004050 жай акциялары болып
табылады (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA);
5)"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" аралық инвестициялық
пай қорының (IPIF) KZPF00000132 пайлары ("инвестициялық
қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag);
6)"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры"
ИПАҚ KZPF00000025 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары" секторы, CSECfe).
2025 жылдың желтоқсан айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші
класының тізімінен келесілер шықты:
1)US4781601046 жай акциялары ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ)
Johnson & Johnson;
2)Micron Technology, Inc. компаниясының US5951121038 жай акциялары
("KASE Global" секторы, MU_KZ);
3)Occidental Petroleum Corp. компаниясының US6745991058 жай
акциялары ("KASE Global" секторы, OXY_KZ);
4)"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ
басқаруындағы "BCC Elite" ИПАҚ-тың KZPF00000553 пайлары
("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIbe);
5)"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИПАҚ-тың
KZPF00000173 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары" секторы, FHJIds);
6)The Utilities Select Sector SPDR Fund ұйымының ETF US81369Y8865
(сектор "KASE Global", XLU_KZ).
2026 жылғы қаңтардағы өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарындағың бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында
мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_jan.pdf
2025 жылдың желтоқсан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында
мына сілтеме бойынша жарияланған:
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2025_dec.pdf
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына
сілтеме бойынша жарияланған:
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf
[2026-01-05]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.