/KASE, 06.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың желтоқсан
айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ)
нарығына қысқаша шолуды ұсынады.
2025 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша KASE-нің
"Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің 106 облигация шығарылымы, оның ішінде 91 MEKAM
шығарылымы және 15 еурооблигация шығарылымы, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің ноталарының 1 шығарылымы, жергілікті
атқарушы органдар облигацияларының 248 және шет мемлекеттер
облигацияларының 66 шығарылымы бар.
Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Биржадағы мемлекеттік бағалы
қағаздардың жалпы сауда-саттық көлемі 442,5 млрд теңгені ($862,3 млн)
құрап, қарашамен салыстырғанда 42,4% немесе 325,2 млрд теңгеге азайды.
Сауданың орташа күндік көлемі 20,1 млрд теңге (қайталама нарықта – 7,2
млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны 12 (қайталама нарықта – 11),
бір мәміленің орташа көлемі 1,7 млрд теңге (қайталама нарықта – 0,7 млрд
теңге) болды.
Желтоқсан айында бастапқы нарықта жалпы сомасы 284,0 млрд теңгеге
($552,3 млн) 36 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 51,4%
немесе 300,3 млрд теңгеге төмен:
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі, Сауда-саттық көлемі, Сұраныстың ұсынысқа қатынасы Орташа Өтеуге дейінгі мерзім,
Орналастыру күні млрд теңге млн USD өлшенген кірістілік, % жылдар
Сауда-саттық коды ISIN
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
02.12.2025MKM012_0161KZK1000004234,79,1 х2,9 16,78% 0,5MUM120_0020KZKD0000126955,2107,6 х8,4 16,10% 9,2TKK024_215KZMJ0000215218,135,2 100% 0,35% 1,5
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
09.12.2025MUM096_0015KZKD0000130130,860,5 х6,7 15,55% 7,5MUM180_0015KZKD0000118623,746,6 х8,4 15,55% 10,7
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
15.12.2025KSK022_288KZMJ000028890,81,6 100% 8,94% 1,8ZKK022_287KZMJ000028711,63,0 100% 8,94% 1,8
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
17.12.2025MOM060_0055KZK20000077853,8103,5 х3 15,45% 4,8
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
23.12.2025MUM144_0009KZKD0000117830,058,3 х3,1 15,44% 7,7MUM180_0008KZKD0000065965,4127,0 х4,2 16,46% 1,8
---------------- ----------------- ------------ -------------------- -------------------- ---------------------------- ---------------------- ----------------------
БАРЛЫҒЫ 284,0552,3
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Инвесторлардың негізгі санаттары ішінде бастапқы нарықта банктердің
үлесіне 40,7%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 0,1 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне 17,4 %, басқа заңды
тұлғалардың үлесіне 41,7 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің мемлекеттік
бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі –
34,5%.
Қайталама нарықта желтоқсан айында жалпы сомасы 158,5 млрд теңгеге
($310,0 млн) 232 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 13,6%
немесе 24,9 млрд теңгеге төмен.
Инвесторлардың негізгі санаттары ішінде қайталама нарықта банктердің
үлесіне 45,1%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 0,8 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне 3,8 %, басқа заңды тұлғалардың
үлесіне 50,2 %, жеке тұлғалардың үлесіне 0,1 % тиді. Бейрезиденттердің
МБҚ қайталама нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі 34,6% болды.
Желтоқсан айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері келесі
өзгерістерді көрсетті:
--------------------------------------------------------------------------------------------
Бір айдағы өзгеріс,
31.12.25
мәні теңге / б.п.
--------------------------------------------------------- -------------- -------------------
"Таза" бағалардың индекстері, теңге
--------------------------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 201,58 +43,23
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 948,63 -64,03
KZGB_CPl 5 жылдан астам мерзіммен 793,82 -157,13
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан да көп 902,34 -122,31
KZGB_CP сегменттеу мерзімі жоқ 931,40 -124,52
--------------------------------------------------------------------------------------------
"Таза емес" бағалардың индекстері, теңге
--------------------------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 474,46 +181,31
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 1 270,25 +21,39
KZGB_DPl 5 жылдан астам мерзіммен 1 086,63 -91,32
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан да көп 1 143,53 -9,93
KZGB_DP сегменттеу мерзімі жоқ 1 140,09 -38,70
--------------------------------------------------------- --------------
Табыстылық индекстері, %
--------------------------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен 16,59 +3,96
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 16,25 +4,67
KZGB_Yl 5 жылдан астам мерзіммен 15,56 +4,06KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан да көп 16,01 +4,43
KZGB_Y сегменттеу мерзімі жоқ 15,99 +4,41
--------------------------------------------------------------------------------------------
[2026-01-06]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.