/KASE, 06.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы
желтоқсанның қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу
ұсынады.
2025 жылғы желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша KASE-нің сауда-
саттық тізімдерінде 74 эмитенттің 87 атаудағы акциялары болды, олардың
ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциясы "Листингілік емес бағалы
қағаздар" секторында айналымға жіберілген.
2025 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша акциялар нарығының
капитализациясы 39,0 трлн теңге (77,6 млрд АҚШ доллары) болды, бұл
алдыңғы айдың көрсеткішінен 0,6 трлн теңгеге немесе 1,7 % жоғары.
------------------------------------------------------------
31 желтоқсан 28 қараша Δ Δ, %
----------------------- ------------ --------- -------- ----
Капитализация, млрд KZT 39 019,6938 377,43 +642,3 +1,7
Капитализация, млн USD 77 640,3074 251,12 +3 389,2 +4,6
------------------------------------------------------------
Акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 22,0 млрд теңге болып,
қарашаға қарағанда 35,1 % немесе 30,5 млрд теңгеге төмендеді.
Желтоқсанда акциямен сауда-саттық тек қайталама нарықта жүргізілді.
1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі 1,0 млрд теңге,
мәмілелердің орташа күндік саны 9 398, бір мәміленің орташа көлемі
106,6 мың теңге болды.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке
тұлғалар белсенділік танытты, олардың үлесі акциялармен жасалған
сауда-саттықтың брутто-айналымының 54,2%, банктердің үлесі 2,9 %,
брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 17,5%, басқа институттық
инвесторлардың үлесі 2,6%, басқа заңды тұлғалардың үлесі 22,7% болды.
Бейрезиденттердің үлесі – 9,9%.
Желтоқсанда KASE Индексінің мәні 3,1% өсіп, айдың соңында 7 031,32
тармақты құрады.
Индекстік акциялармен жасалған мәміле көлемі 2025 жылдың
желтоқсанында 19,2 млрд теңге болды, бұл 2025 жылдың қарашасындағы
көрсеткіштен 5,0 млрд теңгеге көп. Сауда-саттықтың ең көп көлемі
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ-тың жай акцияларына қатысты болды – 6,3
млрд теңге (индекстік акциялармен жасалған сауда-саттықтың жалпы
көлемінің 32,9%)*.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі*, Капитализация**,
бір акция үшін теңгемен млн теңге млрд теңге
--------------------------------------------- ------------------------ ----------------
Free Индекстегі үлесі ----------------
float, , 01.01.25 бастап,
% %* 31 желтоқсан 28 қараша Δ, % Δ, % желтоқсан қараша Δ, % 31.12.25
-------- ------ ---------------- ------------ --------- ----- ---------------- --------- -------- ----- ----------------
HSBK 30,316,1371,59320,00 +16,1 +44,96 308,34 321,9 +46,04 040,2
KZTO 10,01,8950,00837,00 +13,5 +15,9933,7373,8 x2,5 371,6
KEGC 15,03,11 555,001 395,00 +11,5 +1,81 848,3548,5 x3,4 428,7
KZTK 19,24,343 390,0040 300,00 +7,7 -0,9 1 152,8977,9 +17,9475,8
KSPI 32,814,840 390,0039 445,00 +2,4 -25,9 825,91 766,2 -53,2 7 685,4
AIRA 41,66,4909,98890,00 +2,2 +11,01 937,72 041,6 -5,1 323,8
KCEL 34,111,13 383,003 335,00 +1,4 -1,4 33,728,7 +17,1674,8
CCBN 48,214,04 660,004 600,00 +1,3 x2,1 1 741,51 729,7 +0,7831,5
KZAP 25,013,928 059,0028 247,99 -0,7 +39,03 380,71 685,2 x2,0 7 269,7
KMGZ 2,614,721 720,0022 160,00 -2,0 +48,61 026,1671,2 +52,913 222,3
KASE – – 7 031,326 818,90 +3,1 +26,119 188,814 144,7 +35,7 –
индексі
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
* ірі мәмілелерді, ұдайы емес сипаттағы мәмілелерді және SPO
аясындағы орналастыруды қоспағанда
** артықшылықты акциялар есебімен компаниялардың капитализациясы
[2026-01-06]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.