Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

15 қаңтардан бастап "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС KZ2P00016272 (MFSFb8) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

14.01.2026 16:29 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 14.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
15 қаңтарынан бастап "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС KZ2P00016272 
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSFb8; 
$100, $2,0 млн; 12.01.26 – 12.01.27; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 
30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне 
ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ 
доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFSFb8

[2026-01-14]