Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008639 (LZGRb3) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

16.01.2026 09:09 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 16.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 16 қаңтардан 
бастап "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008639 (KASE баламалы алаңы, 
"коммерциялық облигациялар" санаты, LZGRb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 
16.10.25 – 16.01.26; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, 
жылдық 22,00 %; 30/360) облигациялары айналым 
мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын 
хабарлайды.

Аталған облигациялар 2022 жылдың 02 тамызынан бастап баламалы 
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми 
тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2025 жылдың 17 қазанынан бастап 
ашылды.

[2026-01-16]