Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

19 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002046 (JTK022_204) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды

19.01.2026 10:22 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 19.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
19 қаңтарынан бастап Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының 
KZMJ00002046 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, JTK022_204) 
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жетісу 
облысының қаржы басқармасының 2026 жылдың 16 қаңтарындағы 
көрсетілген облигацияларды толық мерзімінен бұрын өтеу туралы хаты 
негізінде тоқтатылды.

[2026-01-19]