19 қаңтардан бастап Solidcore Resources plc JE00B6T5S470 (CORE_KZ) жай акциялары негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 19.01.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 2026 жылдың 08 қаңтарындағы шешімімен Solidcore Resources plc (Астана) JE00B6T5S470 (сауда коды – CORE_kz) жай акциялары негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап күшіне енеді. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған акцияларға рұқсат берудің бастамашысы Freedom Finance Global PLC болып табылады. Solidcore Resources plc қызметінің негізгі түрі – холдингтік компаниялардың қызметі. Аталған акциялар туралы толығырақ ақпарат жарияланды – https://kase.kz/ru/listing/issuers/CORE_KZ [2026-01-19]