Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 қаңтардан бастап "Standard" инвестициялық компаниясы" АҚ kz2c00016970 (STDIb1) облигациялары баламалы алаңның" облигациялар " санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

23.01.2026 15:04 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 23.01.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылғы 22 қаңтарда "Standard" инвестициялық 
компаниясы" АҚ (Алматы) KZ2C00016970 (STDIb1; $100, $5,0 млн; 3 жыл; 
құбылмалы тоқсандық купон – Secured Overnight Financing Rate + 3% 
тіркелген маржа; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының 
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім 
қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 23 қаңтарынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

"Standard инвестициялық компаниясы" АҚ қызметінің негізгі түрі – брокерлік 
дилерлік қызмет.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/STDIb1

[2026-01-23]