Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

26.01.2026 15:41 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 26.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
27 қаңтарынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу 
күні 2026 жылдың 10 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, 
American Electric Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE Global" 
секторы, AEP_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын 
хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 
12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2026 жылдың 10 ақпанында көрсетілген 
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге 
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 12 ақпанынан 
бастап қайта басталады.

[2026-01-26]