Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

28 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы ETF сауда-саттығы тоқтатылатұрады

27.01.2026 15:04 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 27.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
28 қаңтарынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің KASE-де 
сауда-саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 23 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, US81369Y3080 ("KASE Global" секторы, XLP_KZ) State 
   Street Consumer Staples Select Sector SPDR ETF, сауда-саттық 
   2026 жылдың 26 наурызынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 23 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, US81369Y8865 ("KASE Global" секторы, XLU_KZ) The 
   Utilities Select Sector SPDR Fund, сауда-саттық 2026 жылдың 
   26 наурызынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-01-27]