Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

29 қаңтардан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00016413 (MFBLb10) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

28.01.2026 15:07 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 28.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
29 қаңтарынан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00016413 (KASE 
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb10; 1 000 теңге, 1,0 млрд 
теңге; 21.01.26 – 21.01.28, тоқсандық купон, жылдық 23,00%; 30/360) 
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне 
ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFBLb10

[2026-01-28]