Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

02 ақпаннан бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерді есептеуге арналған өкілдік тізім 57 атаудағы мбқ дан тұратын болады

29.01.2026 10:52 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 29.01.26/ –2026 жылдың 02 ақпанынан бастап KZGB_CPm1m және 
KZGB_DPm1m индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім Қазақстан 
Республикасының 57 атаудағы мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) 
тұратын болады.

Қазақстан қор биржасы (KASE) қор нарығының индекстері мен 
индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді 
есептейді және жариялайды:

1) KZGB_CPm1m (more than one month) – сатып алынған және төленбеген 
   купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін 
   өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ-ның "таза" бағаларының 
   баға индексі;

2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық 
   табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді 
   ескере отырып);

3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен;

4) индекстің дюрациясы, жылдармен;

5) индекстің түрлендірілген дюрациясы.

2026 жылдын ақпан айына көрсетілген индекстерді есептеу үшін өкілдік тізім 
2026 жылдың 28 қаңтарындағы кешке МБҚ параметрлері бойынша 
қалыптастырылды (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын).

Өкілдік тізім 2026 жылдың 02 ақпанында https://kase.kz/ru/stock_market/ 
бетте жарияланады (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі).

[2026-01-29]