Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE 2026 жылғы ақпан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздар тізімін қалыптастырды

29.01.2026 14:46 · KASE инструменты списки ликвидных, неликвидных акций новости kase ·
/KASE, 29.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың 
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына 
сәйкес KASE-де айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың ақпан 
айына арналған инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық 
қолхаттарының және бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші 
және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздар 
тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі 
комитеттің 2026 жылдың 23 қаңтарындағы шешімімен бекітілді және ондағы 
бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану 
мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-28 ақпаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші 
класындағы бағалы қағаздар тізіміне 77 атаудағы бағалы қағаздар кіреді. 
2026 жылдың қаңтарында құрылған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы 
қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:

1) Netflix, Inc. US64110L1061 ("KASE Global" секторы, NFLX_KZ) жай 
   акциялары;

2) Invesco QQQ Trust, Series 1 US46090E1038 ("KASE Global" секторы, 
   QQQ_KZ) ETF;

3) The Utilities Select Sector SPDR Fund US81369Y8865 ("KASE Global" 
   секторы, XLU_KZ) ETF;

4) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы 
   алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акциялары;

5) "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 
   басқаруындағы "Wardat al hayat" интервалдық инвестициялық пай 
   қорының (ИИПҚ) KZPF00000900 (сектор "ценные бумаги 
   инвестиционных фондов", BCCIwah) пайлары;

6) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы, 
   OXY_KZ) жай акциялары;

7) Invesco Water Resources ETF US46137V1420 ("KASE Global" секторы, 
   PHO_KZ) ETF;

8) "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 
   басқаруындағы "BCC Elite" ИИПҚ KZPF00000553 (сектор "ценные 
   бумаги инвестиционных фондов", BCCIbe) пайлары.

2026 жылдың қаңтар айында құрылған өтімділіктің бірінші класының 
тізімінен мыналар шығарылды:

1) SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 ("KASE Global" секторы, 
   CRM_KZ) жай акциялары;

2) The Boeing Company US0970231058 ("KASE Global" секторы, BA_KZ) 
   жай акциялары;

3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" 
   ИИПҚ KZPF00000025 (сектор "ценные бумаги инвестиционных 
   фондов", CSECfe) пайлары;

4) базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, 
   "премиум" санаты, AIRA) жай акциялары болып табылатын, 
   US0090632078, US0090631088 (сектор "производные ценные бумаги", 
   AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттар.

2026 жылдың ақпан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарындағы бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_feb.pdf

2026 жылдың қаңтар айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарындағы бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_jan.pdf

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына 
сілтеме бойынша жарияланған 
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf

[2026-01-29]