Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

29 қаңтардан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС облигацияларының төрт шығарылымы баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

29.01.2026 16:39 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 29.01.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 
2026 жылдың 27 қаңтарында "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС келесі 
облигацияларын баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" 
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00017056 (MFLGb25; 1 000 теңге, 800,0 млн теңге; 360 күн; ай 
   сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360);

2) KZ2P00017064 (MFLGb26; 1 000 теңге, 800,0 млн теңге; 360 күн; ай 
   сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360);

3) KZ2P00017072 (MFLGb27; 1 000 теңге, 900,0 млн теңге; 360 күн; ай 
   сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360);

4) KZ2P00017080 (MFLGb28; 1 000 теңге, 900,0 млн теңге; 360 күн; ай 
   сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360).

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 29 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFLG

[2026-01-29]