Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 қаңтардан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізіледі

30.01.2026 17:52 · KASE нормативная база поправки в документы новости kase ·
/KASE, 30.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
2026 жылдың 29 қаңтарындағы шешімімен 2026 жылдың 30 қаңтарынан 
бастап қолданысқа енгізілетін "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" 
(Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 26 өзгерістер мен толықтырулар 
(түзетулер) бекітілді.

Түзетулермен, оның ішінде мыналар көзделген:

- сауда-саттық көлемі айына 25 млрд теңгеге жеткен кезде бір күн 
  мерзімге қатысу клирингілік сертификаттарымен репо операциялары 
  бойынша комиссиялық алымдарды төлеуден маркет-мейкерлерді 
  босату;

- сауда-саттық күні ішінде жасалған сатып алу-сату мәмілелерінің 
  жиынтық көлеміне қол жеткізген кезде маркет-мейкерлерді жабу 
  аукционында баға белгілеулерді қолдау талабынан босату;

- сауда-саттық күні (T+0), сондай-ақ Қытай юаніне қатысты шетел 
  валютасымен операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру 
  мерзімімен Қытай юаны бойынша тайм-аутты 20 минутқа дейін ұлғайту;

- SPOT және SWAP нарықтарында Біріккен Араб Әмірліктерінің 
  дирхамына баға белгілеу талаптарын анықтау;

- бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, жосықсыз мінез-құлық 
  және/немесе бағалы қағаздар нарығында инсайдерлік ақпаратты 
  заңсыз пайдалану бөлігінде талаптардың сақталуы туралы хабарлама 
  бойынша маркет-мейкер мәртебесін беруге өтініш білдірген сауда-
  саттыққа қатысушыға міндет жүктеу.

Ережелерднің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына 
сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("сауда-
саттық" қалташасы – "Маркет-мейкерлер").

[2026-01-30]