/KASE, 04.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың қаңтар
айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына
(МБҚ) қысқаша шолу ұсынады.
2026 жылдың қаңтар айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар"
секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 105 облигация
шығарылымы, оның ішінде 90 МЕКАМ шығарылымы және 15 еурооблигация
шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2 нота
шығарылымы, жергілікті атқарушы органдардың 247 облигация
шығарылымы және шет мемлекеттердің 66 облигация шығарылымы бар.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының
жиынтық көлемі 527,7 млрд теңгені ($1,0 млрд) құрады және желтоқсан
айымен салыстырғанда 19,2 %-ға немесе 85,1 млрд теңгеге өсті. Сауда-
саттықтың орташа тәуліктік көлемі 27,8 млрд теңгені (қайталама нарықта –
4,8 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 18 (қайталама
нарықта – 12), бір мәміленің орташа көлемі – 1,6 млрд теңгені (қайталама
нарықта – 0,4 млрд теңге) құрады.
Бастапқы нарықта қаңтар айында жалпы сомасы 436,1 млрд теңгеге
($859,0 млн) 101 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 53,5 %-
ға немесе 152,1 млрд теңгеге жоғары:
-------------------------------------------------------------------------------------
Сауда- Сауда- Ұсыным- Орташа Өтеуге
Орналасты- саттық саттық ға саралан- дейін
ру күні Сауда-саттық ISIN көлемі, көлемі, сұраным ған. мерзімі,
коды млрд KZT млн USD кірістілік, % жыл
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
06.01.2026MOM060_0054KZK20000073747,893,5135,1% 16,42% 1,9MUM096_0014KZKD0000122829,257,0188,1% 15,51% 5,4MUM120_0020KZKD0000126946,090,0195,5% 15,53% 9,1
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
13.01.2026MUM084_0020KZKD0000128541,080,5 х3,4 15,56% 6,1
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
20.01.2026MOM060_0055KZK20000077874,2145,6 х2,4 15,48% 4,7MUM180_0013KZKD0000093160,7119,1 х4,6 15,50% 7,2
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
27.01.2026MUM096_0014KZKD0000122829,659,0159,2% 15,44% 5,3MUM120_0020KZKD0000126947,494,4 х5,3 15,42% 9,0MUM180_0009KZKD0000071760,2120,0 х5,0 15,99% 2,9
----------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
БАРЛЫҒЫ 436,1859,0
-------------------------------------------------------------------------------------
Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде
банктердің үлесіне 75,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың
үлесіне – 21,9 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 2,5 %, жеке
тұлғалардың үлесіне – 0,1 %-дан кем болды. Бейрезиденттердің МБҚ
бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі 1,1 % құрады.
Қайталама нарықта қаңтар айында жалпы сомасы 91,6 млрд теңгеге
($180,0 млн) 236 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 42,2 %-
ға немесе 66,9 млрд теңгеге төмен.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде
банктердің үлесіне – 25,4 %, брокерлік – дилерлік ұйымдардың үлесіне –
8,9 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 5,1 %, басқа
заңды тұлғалардың үлесіне – 59,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 1,2 %
тиесілі болды. МБҚ қайталама нарығында бейрезиденттердің сауда-
саттыққа қатысу үлесі 36,5 % құрады.
Қаңтар айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері мынадай
өзгерістерді көрсетті:
--------------------------------------------------------------------------
Бір айдағы
31.01.26 ж.б. өзгеруі,
мәні теңге / б.т.
----------------------------------------------- ------------- ------------
"Таза" бағалар индекстері, теңге
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 204,67 +3,09
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 950,28 +1,65
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам 800,06 +6,24KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 906,33 +3,99
KZGB_CP сегменттеу мерзімісіз 935,49 +4,09
--------------------------------------------------------------------------
"Таза емес" бағалардың индекстері, теңге
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 490,56 +16,10
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 1 283,11 +12,86
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам 1 105,71 +19,08KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 1 158,95 +15,42
KZGB_DP сегменттеу мерзімісіз 1 155,45 +15,36
----------------------------------------------- -------------
Кірістілік индекстері, %
--------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен 17,15 +0,56
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 16,41 +0,16
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам 15,42 -0,14
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 16,05 +0,04
KZGB_Y сегменттеу мерзімісіз 16,03 +0,04
--------------------------------------------------------------------------
[2026-02-04]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.