/KASE, 04.02.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE)
2026 жылдың қаңтар айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының
іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес
компаниясы) Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан
Әбдікәрімовтың пікірі келтірілген:
"Қаңтар айында Қазақстанның қызмет көрсету саласында іскерлік
белсенділік пен сұраныстың өсуі жалғасуда. ҚҚС-қа байланысты бағаның
рекордтық өсуіне қарамастан, қызмет көрсету саласы дәстүрлі түрде өндіріс
саласымен салыстырғанда төмен құбылмалылықпен сипатталады. Осы
тұрақтылықтың арқасында жиынтық PMI желтоқсан айындағы деңгейде
(49,7) қалып, өңдеу салаларындағы теріс динамика аясында неғұрлым
терең құлдыраудың алдын алды. Сонымен қатар, тарихи тұрғыдан төмен
12 айлық күтілімдер қызмет көрсету саласының салықтық шокты әзірге өз
маржасы есебінен өтеп отырғанын көрсетеді. Сатып алу қабілетінің кейінге
қалдырылған төмендеу тәуекелдері сақталғанымен, нарықта жарияланған
өнім желісін және бизнес-модельдерді жаңарту жөніндегі шешімдер
саланың салыстырмалы тұрақтылығы сақталады деген үміт береді ".
Қазақ тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2601_PR_fb409d1b2b.pdf
Орыс тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2601_PR_142cc81baa.pdf
Ағылшын тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2601_PR_59850b97cd.pdf
[2026-02-04]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.