Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда саттық тоқтатылады

04.02.2026 16:17 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 04.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
05 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 13 ақпанына және одан кейінгі күндерге 
   келетін, Ford Motor Company US3453708600 ("KASE Global" секторы, 
   F_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап қайта 
   басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 09 ақпанына және одан кейінгі күндерге 
   келетін, Apple Inc. US0378331005 (сектор "KASE Global", AAPL_KZ), 
   сауда-саттық 2026 жылдың 11 ақпанынан бастап қайта басталады;

Бұдан басқа, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің сауда-
саттықты тоқтата тұруы 2026 жылдың 03 сәуіріне дейін ұзартылды:

1) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 
   ("KASE Global" секторы, LQD_KZ);

2) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF US4642885135 ("KASE 
   Global" секторы, HYG_KZ);

3) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF US4642895118 
   ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ);

4) STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON US78468R6633 ("KASE 
   Global" секторы, BIL_KZ);

5) ProShares Short Bitcoin ETF US74347G1849 ("KASE Global" секторы, 
   BITI_KZ);

6) ProShares Ultra Ether ETF US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, 
   ETHT_KZ);

7) ProShares Bitcoin Strategy ETF US74347G4405 ("KASE Global" секторы, 
   BITO_KZ).

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-04]