/KASE, 04.02.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" АҚ (Air Astana және оның еншілес компаниясы FlyArystan-мен
бірге – "Топ") Гонсалу Пирештің (Gonçalo Pires) 2026 жылғы 1 наурыздан
бастап қаржы жөніндегі атқарушы директор лауазымына тағайындалғаны
туралы хабарлайды. 2025 жылғы 8 қазанда жарияланғандай, 2026 жылғы
1 сәуірден бастап қазiргi қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим
Жанлыелді бас атқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін
тиісті өтпелі кезең көзделетін болады.
Гонсалу Пиреш 2021 жылдан бастап TAP Air Portugal әуе компаниясында
қаржы жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарып, онда қайта
құрылымдау бағдарламасын әзірлеп, іске асырды, сондайақ цифрландыру
бойынша бірқатар бастамаларды іске қосты. Бұған дейін оның шамамен
жиырма жылға жуық кәсіби қызметі қаржы секторын қамтып, оның ішінде
инвестициялық банкинг саласындағы түрлі басшылық лауазымдарды
атқарды.
Пиреш мырза Лиссабон қаласындағы NOVA университетінің экономика
мамандығы бойынша ғылыми дәрежесіне ие және Air Astana-ның бас
кеңсесі орналасқан Алматы қаласында қызметін жүзеге асыратын болады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/2721-cfo-kz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_040226_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_040226_eng.pdf
[2026-02-04]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.