/KASE, 10.02.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
"Эйр Астана" акционерлiк қоғамы ("Компания" және оның еншілес кәсіпорны
FlyArystan-мен бірге "Топ"), табыс пен әуе паркі көлемі бойынша Орталық
Азия мен Кавказ аймағындағы ең ірі әуе компаниялар тобы, 2026 жылғы
9 ақпан өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында келесі
шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
1. «Эйр Астана» АҚ Airbus S.A.S компаниясымен жеткізілуі 2031–2034
жылдарға жоспарланған Airbus A320N типті 5 (бес) әуе кемесін ("нақты
тапсырыс") және Airbus A321NX типті 20 (жиырма) әуе кемесін ("нақты
тапсырыс") сатып алу бойынша, "Эйр Астана" АҚ активтерінің баланстық
құнының жалпы мөлшерінің елу және одан да көп пайызын құрайтын
сомаға сатып алу жөнінде, сондай-ақ Airbus A320neo әуе кемелері
тобының қосымша 25 (жиырма бес) әуе кемесін сатып алуға расталған
құқықтарды иеленуге ірі мәміле жасассы.
2. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің Сыйақы саясаты жаңа
редакцияда бекітілсін. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің
Сыйақы саясатының ережелері 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап
туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатыны белгіленсін.
3. "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесі 2026 жылғы 09 ақпаннан
2028 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімге 9 (тоғыз) мүшеден тұратын
келесі құрамда сайлансын (қайта сайлансын):
- Жакупов Нурлан Каршагович – "Самұрық-Қазына" АҚ акционерінің
өкілі;
- Рыскулов Айдар Кайратович – "Самұрық-Қазына" АҚ акционерінің
өкілі;
- Таубаев Бахытжан Рыспекович – "Самұрық-Қазына" АҚ акционерінің
өкілі;
- Абдразаков Ельдар Советович – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз
директоры;
- Асанов Дияс Рахимжанович – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Гарри Роберт Кингшотт – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Джанет Эллен Хэкман – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Кит Гэбел – "Эйр Астана" АҚ тәуелсіз директоры;
- Питер Уильям Фостер – "Эйр Астана" АҚ Бас атқарушы директоры
(2026 жылғы 31 наурызға дейін);
- Ибрахим Жанлыел – "Эйр Астана" АҚ Бас атқарушы директоры
(2026 жылғы 01 сәуірден бастап).
4. Жакупов Нурлан Каршагович мырза "Эйр Астана" АҚ акционерлерінің
жалпы жиналысы "Эйр Астана" АҚ Директорлар кеңесінің келесі
құрамын сайлағанға дейінгі мерзімге, "Эйр Астана" АҚ Директорлар
кеңесінің Төрағасы болып сайлансын.
дәйексөздің басы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/2174-air-astana-results.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_100226_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__100226_eng.pdf
[2026-02-10]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.