/KASE, 12.02.26/ – "Halyk Finance" АҚ (KASE тикері – HFIN) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
2025 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance EMEA Finance
халықаралық басылымының жыл сайынғы Europe Banking Awards сыйлығы
аясында бірқатар беделді марапаттарға ие болды. Басылым сарапшылары
Halyk Finance «Қазақстандағы үздік инвестициялық банк» (Best Investment
Bank in Kazakhstan), «Борыштық капитал нарығындағы үздік инвестициялық
банк» (Best Debt House), «Қазақстандағы үздік брокер» (Best Broker in
Kazakhstan) номинацияларында жеңімпаз деп таныды. Айта кетейік,
2025 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance Cbonds ақпараттық
агенттігі жариялаған жергілікті нарықта облигацияларды орналастыруды
ұйымдастырушылардың ранкингінде 1-ші орынды иеленді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance Cbonds
ақпараттық агенттігі жариялаған жергілікті нарықта облигацияларды
орналастыруды ұйымдастырушылардың ранкингінде 1-ші орынды иеленді.
Өткен жылы Halyk Finance жиынтық сомасы 2,3 триллион теңгелік және
долларлық облигацияларды 50-ден астам орналастыруды андеррайтер және
ұйымдастырушы рөлін атқарды. Облигацияларды орналастырудың жалпы
көлеміндегі Halyk Finance нарықтық үлесі 2025 жылы шамамен 50% құрады.
Сонымен қатар, 2025 жылы Halyk Finance қазақстандық эмитенттердің
еурооблигацияларды орналастырудың жергілікті бөлігінің негізгі
ұйымдастырушысы болды. Осылайша, компанияның қатысуымен қос
листингі бар және бір мезгілде жаһандық және жергілікті нарықтарда
жиынтық көлемі шамамен 6,1 млрд доллар болатын еурооблигациялардың
12 шығарылымының 8-і өтті, оның 1,1 млрд АҚШ доллары қазақстандық
капитал нарығына тартылды..
дәйексөздің соңы
Қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_relizs_120226_1.pdf
[2026-02-12]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.