Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 ақпаннан бастап "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ әлеуметтік облигацияларының төрт шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

12.02.2026 17:59 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 12.02.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 12 ақпанында "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс 
жинақ банкі" АҚ (Алматы) келесі әлеуметтік облигацияларын негізгі 
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу 
туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00016806 (JSBNb9; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты 
   жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
   саттықты өткізу нәтижелері бойынша анықталады; 30/360);

2) KZ2C00016822 (JSBNb10; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты 
   жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
   саттықты өткізу нәтижелері бойынша анықталады; 30/360);

3) KZ2C00016830 (JSBNb11; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты 
   жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
   саттықты өткізу нәтижелері бойынша анықталады; 30/360);

4) KZ2C00016848 (JSBNb12; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты 
   жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
   саттықты өткізу нәтижелері бойынша анықталады; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 12 ақпанынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 04 шілдесінде 
1 700,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс 
жинақ банкі" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде сегізінші-11-ші 
болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/JSBN

[2026-02-12]