Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

16 ақпаннан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00017130 (FPSTb7) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

13.02.2026 15:16 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 13.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
16 ақпанынан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00017130 (KASE баламалы 
алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb7; $100, $1,0 млн; 
11.02.26 – 11.02.27; жартыжылдық купон, жылдық 11,00%; 30/360) 
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне 
ауыстырылғанын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ 
доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb7

[2026-02-13]