Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

20.02.2026 12:29 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 20.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
23 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, M&T Bank Corporation US55261F1049 ("KASE Global" 
   секторы, MTB_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 04 наурызынан бастап 
   қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін US6745991058 (сектор "KASE Global", OXY_KZ) ) 
   Occidental Petroleum Corp., сауда саттық 2026 жылдың 12 наурызынан 
   бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-20]