Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE 2026 жылғы наурыз айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімін қалыптастырды

26.02.2026 11:35 · KASE инструменты списки ликвидных, неликвидных акций новости kase ·
/KASE, 26.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың 
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына 
сәйкес KASE-ге айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың наурыз 
айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы 
инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының 
және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың 
тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі 
комитеттің 2026 жылдың 23 ақпанындағы шешімімен бекітілді және ондағы 
бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану 
мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-31 наурызы аралығында қолданылатын өтімділіктің 
бірінші класындағы бағалы қағаздар тізіміне 77 атаудағы бағалы қағаздар 
енгізілді. 2026 жылдың ақпанынына құрылған өтімділіктің бірінші класындағы 
бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:

1) SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 ("KASE Global" секторы, 
   CRM_KZ) жай акциялары;

2) Micron Technology, Inc., US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) 
   жай акциялары;

3) Moderna US60770K1079 (("KASE Global" секторы, MRNA_KZ) жай 
   акциялары.

2026 жылдың ақпанына құрылған өтімділіктің бірінші класындағы тізімінен 
мыналар алып тасталды:

1) Occidental Petroleum Corp.US6745991058 ("KASE Global" секторы, 
   OXY_KZ) жай акциялары;

2) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF US4642872422 
   ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) ETF;

3) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" интервалдық 
   инвестициялық пай қоры (ИИПҚ) KZPF00000132 ("инвестициялық 
   қорлардың бағалы қағаздары", FHJIag) пайлары.

2026 жылдың наурыз айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_mar_kaz.pdf

2026 жылдың ақпан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_feb_kaz.pdf

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf

[2026-02-26]