Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

04 наурыздан бастап "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017473 (HCBNb23) және KZ2C00017481 (HCBNb24) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

04.03.2026 10:28 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 04.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 
2026 жылдың 03 наурызында "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) 
(Алматы) келесі облигацияларын негізгі алаңның "коммерциялық 
облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім 
қабылдады:

- KZ2C00017473 (HCBNb23; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 360 күн; жарты 
  жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
  саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360);

- KZ2C00017481 (HCBNb24; 1 000 теңге, 45,0 млрд теңге; 360 күн; жарты 
  жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-
  саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360).

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 04 наурызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/HCBN

[2026-03-04]