05 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында теңгеге рубль бағамына бір айлық фьючерстермен (RU-4.26) сауда-саттық ашылады
/KASE, 05.03.26/ – 2026 жылдың 05 наурызынан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылдың 16 сәуірінде орындалатын теңгеге Ресей рублінің бағамына бір айлық фьючерстермен сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген айлық келісімшартқа RU-4.26 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. KASE туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда-саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00-ге дейін өткізілетінін еске салады. Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/clearing/clearing-participants KASE-дегі фьючерстердің сауда-саттық нәтижелері мына сілтемелер бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/markets/shares-futures және https://kase.kz/ru/markets/foreign-currency-futures KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/information/rules ("Сауда-саттық" – "Деривативтер" қалташасы). [2026-03-05]