Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

11 наурыздан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00017580 (FIVEb7) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

11.03.2026 10:34 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 11.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 
2026 жылдың 05 наурызында "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) 
KZ2C00017580 (FIVEb7; 100 теңге, 600,0 млн теңге; 12 ай; тоқсандық купон, 
жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларының баламалы алаңын 
"коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу 
туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 11 наурызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/FIVEb7

[2026-03-11]