Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

11 наурыздан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС облигацияларының төрт шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

11.03.2026 15:33 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 11.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 10 наурызында "Сейф-Ломбард" ЖШС-нің келесі 
облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар"санаты бойынша 
KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00017387 (MFSLb14; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 1,5 жыл; 
   тоқсандық купон, жылдық 21,00 %; 30/360);

2) KZ2P00017395 (MFSLb15; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық 
   купон, жылдық 21,00 % ;30/360);

3) KZ2P00017379 (MFSLb16; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 2,5 жыл; 
   тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы 
   сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 
   30/360);

4) KZ2P00017403 (MFSLb17; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 3,0 жыл; 
   тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы 
   сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады 
   30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 11 наурызынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 19 шілдесінде 
100,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Сейф–Ломбард" ЖШС-нің бірінші 
облигациялық бағдарламасы шеңберінде сегізінші-он бірінші болып 
табылады.

"Сейф-Ломбард" ЖШС қаржылық кеңесшісі - "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес 
ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFSL

[2026-03-11]