Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 наурыздан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00016694 (MFMOb36) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

11.03.2026 16:43 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 11.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
12 наурызынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Казахстан)" МҚҰ" ЖШС 
KZ2P00016694 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" 
санаты, MFMOb36; $100, $3,0 млн; 10.03.26 – 10.03.27; ай сайынғы купон, 
жылдық 11,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық 
тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ 
доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFMOb36

[2026-03-11]