KASE Директорлар кеңесі "Қазақстан қор биржасы" АҚ интернет-ресурсында баннерлік жарнаманы орналастыру ережелерін жаңа редакцияда бекітті
/KASE, 12.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 11 наурызындағы шешімімен 2026 жылдың 11 наурызынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа редакциядағы "Қазақстан қор биржасы" АҚ интернет-ресурсында баннерлік жарнаманы орналастыру ережелері" атты KASE ішкі құжаты бекітілді. Ережелер KASE мүшелерінің баннерлік жарнамасын оның интернет-ресурсында орналастыру шарттарын анықтайды және оны орналастыруға арналған тарифтерді қамтиды. Ережелердің жаңа редакциясы жарнамалық баннерлерді орналастыру үшін төлемдердің жаңартылған мөлшерлемелерін, сондай-ақ жарнамалық баннерлерді орналастырудың негізгі принциптері мен тәртібін егжей- тегжейлі баяндауды қамтиды. Көрсетілген күннен бастап ережелер алдыңғы редакцияда күші жойылды деп танылды. Ережелер KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/information/rules ("Ақпарат" қалташасы). [2026-03-12]