Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

17 наурыздан бастап "Lender" Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00017353 (MFLNb2) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

17.03.2026 12:21 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 17.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 16 наурызында "Lender" Микроқаржы 
ұйымы" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00017353 (MFLNb2; 1 000 теңге, 1,0 млрд 
теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 23,00%; 30/360) облигацияларын 
баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне 
енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 17 наурызынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы 2025 жылдың 29 қазанында 
5,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Lender" Микроқаржы ұйымы" ЖШС 
бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат сілтеме 
мына бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFLNb2

[2026-03-17]