Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

19 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының төрт шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

19.03.2026 17:43 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 19.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
шешімімен 2026 жылдың 19 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің 
"Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына мынадай облигациялар енгізілді:

1) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003002 (ZKK084_300; 1 000 теңге, 8 194 273 000 теңге; 7 жыл; 
   жылдық купон, жылдық 19,15 %; 30/360);

2) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003010 (ZKK120_301; 1 000 теңге, 2 731 420 000 теңге; 10 жыл; 
   жылдық купон, жылдық 19,15 %; 30/360);

3) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002988 
   (PVK084_298; 1 000 теңге, 4 242 418 000 теңге; 7 жыл; жылдық купон, 
   жылдық 19,15 %; 30/360);

4) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002996 
   (PVK120_299; 1 000 теңге, 1 414 139 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, 
   жылдық 19,15 %; 30/360).

Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) 
қаржыландыру мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/markets/government-securities


[2026-03-19]